Қазақстанның 11 өңірі коронавирус бойынша «қызыл» және «сары» аймақта

Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиология ахуалын бағалау матрицасы жаңарды.

Бүгін, 8 сәуірде Қызылорда мен Павлодар облыстары коронавирус бойынша «жасыл» аймақтан «сарыға» өтті.

«Қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан мен Алматы, Атырау, Ақтөбе, Ақмола, Алматы, Батыс Қазақстан және Қарағанды облыстары бар.

«Сары» аймақта: Шымкент, Қызылорда және Павлодар облыстары тұр.

Ал қалған өңірлер (Қостанай, Жамбыл, Түркістан, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстары) «жасыл» аймақта.

24e6f444389842b88ad20073f1769604 Қазақстанның 11 өңірі коронавирус бойынша "қызыл" және "сары" аймақта

Айта кетейік, бүгін Қазақстанда бір тәулікте COVID-19 жұқтырғандар саны бойынша рекорд жаңарды. Елімізде кейінгі тәулікте 2 586 адамның коронавирус инфекциясын жұқтырғаны анықталды.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да