Елімізде бір тәулікте COVID-19 жұқтырғандар саны бойынша рекорд жаңарды

COVID-19 инфекциясын жаңадан жұқтыру дерегі Алматы (710) мен Нұр-Сұлтанда (578), Алматы облысында (325), сонымен бірге Қарағанды (160), Атырау (137), Батыс Қазақстан (125), Ақтөбе (117) облыстарында көп тіркелді.

Өңірлерде бүгінге дейін және бір тәулікте коронавирус жұқтырғандар саны:

Алматыда — 38 938 (+710);
Нұр-Сұлтанда – 34 007 (+578);
Шығыс Қазақстан облысында — 23 151 (+55);
Павлодар облысында — 19 358 (+28);
Атырау облысында — 19 446 (+137);
Қарағанды облысында — 18 546 (+160);
Ақмола облысында – 15 797 (+98);
Батыс Қазақстан облысында – 15 900 (+125);
Алматы облысында — 15 611 (+325);
Қостанай облысында — 14 063 (+33);
Солтүстік Қазақстан облысында — 13 184 (+16);
Шымкентте — 7 312 (+81);
Жамбыл облысында – 6 613 (+39);
Ақтөбе облысында — 6 120 (+117);
Түркістан облысында – 4 617 (+19);
Маңғыстау облысында — 4 595 (+43);
Қызылорда облысында — 4 245 (+22).

Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 261 503-ке жетті, оның 229 538-і жазылып шықты. 3 171 науқас қайтыс болды.

COVID-19 белгілері бар пневмония

6 сәуірдегі мәлімет бойынша 100 дерек тіркелді, 5 жағдай өліммен аяқталды. 186 адам жазылып шықты.

2020 жылдың 1 тамызынан бастап 51 055 адам коронавирус белгілері бар пневмония жұқтырды, оның 718-і қайтыс болды, барлығы 49 476 адам жазылып шықты.