Мемлекеттік қызметкерге сыйлық алғаны үшін салынатын айыппұл сомасы артты

Бұл туралы Алматыдағы Antikor орталығында өткен брифингіде айтылды.

Кеше Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтау және жолын кесу бойынша құзіретті бекітетін Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы Кодексіне енгізілген өзгерістер қолданысқа енді. Ол Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке 15-бап бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар толтыру құқығы берілген, – деді Данияр Таумұрат.

Данияр Таумұраттың айтуынша, олардың ішінде Кодекстің алты сыбайлас жемқорлық бабы (ӘҚБтК-нің 676-681-баптары), кәсіпкерлік қызмет саласындағы екі құрам (ӘҚБтК-нің 154, 173-баптары), мемлекеттік билік институттарына қол сұғатын және әкімшілік немесе қылмыстық іс жүргізу кезіндегі бұзушылықтарға байланысты жеті құқық бұзушылық (ӘҚБтК-нің 658-662, 665, 667-баптары) бар.

Сонымен бірге Алматы қаласы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі Тергеу басқармасының басшысы Рүстем Тайтулеев әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың нақты құрамы, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген немесе оған теңестірілген тұлғалардың жауапкершілігі туралы баяндады.

Өзі немесе делдал арқылы заңсыз материалдық сыйақыны, сыйлықтарды немесе көрсетілетін қызметтерді ұсынған адамдардың пайдасына әрекеттері (әрекетсіздігі) немесе жеңілдіктер беру үшін, егер мұндай әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмауы мүмкін. Бұл жағдайда жоғарыда аталған лауазымды тұлғаларға 600 айлық есептік көрсеткіш немесе 1,8 млн теңге көлемінде айыппұл салынуы мүмкін, – деді Рүстем Тайтулеев.

Рүстем Тайтулеев тұлғада қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілерінің жоқ болса қандай жаза қолданылатынын айтты.

Егер алынған заңсыз сыйақы немесе сыйлық сомасы 2 айлық есептік көрсеткіштен аспаса, ол бүгінде 5 834 теңгеге тең, алдын ала уағдаластық болмаса немесе сыйақыны қорқытып алмаса, онда мұндай құқық бұзушылық қылмыстық жауаптылыққа әкеп соқпайды және әкімшілік тәртіппен жазаланады, — деді ол.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы бойынша департаменті
Фото: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы бойынша департаментінің баспасөз қызметі

Сонымен бірге Алматы қаласы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі Тергеу басқармасының басшысы Рүстем Тайтулеев қазақстандықтар заңсыз материалдық сыйақы бергені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылуы мүмкін екенін ескертті.

Сыйақылар, сыйлықтар немесе жеңілдіктер бергені үшін жеке тұлғалар ӘҚБтК–нің 676-бабы бойынша 200 АЕК көлемінде айыппұл төлейді, бұл шамамен 600 мың теңге, — деді спикер.

Бұл ретте, егер мұндай сыйақы немесе сыйлық заңды тұлға тарапынан берілетін болса, онда мұндай әрекет ӘҚБтК-нің 678-бабы бойынша сараланады және мұнда айыппұл 700 АЕК-ке дейін өседі, бұл 2 миллион теңгеден астам.

Мұндай құқық бұзушылық бір жыл ішінде қайталап жасалған жағдайда заңды тұлға екі есе – 1 500 АЕК немесе 4,5 миллион теңге төлейді, — деді Рүстем Тайтулеев.