Қазақстандықтар көлік үшін 20 миллиард теңгеге жуық салық төледі

Бұл туралы Қаржы министрлігінің мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.

Биылғы 1 қаңтар мен 1 сәуірде жеке тұлғалардың көлік құралдарына салынатын салық бойынша бюджетке 19,7 миллиард теңге түсті. 25 наурыздағы жағдай бойынша осыған дейін 6,6 миллиард теңге түссе, алдағы төлемдер туралы push-хабарлама жібергеннен кейін 13,1 миллиард теңге түсті, делінген хабарламада.

Сонымен бірге Мемлекеттік кірістер комитеті Салық кодексіне енгізілген өзгерістерге сәйкес 2020 жылға көлік құралдарына салынатын салықты жеке тұлғалар 2021 жылғы 1 сәуірден кешіктірмей төлеуі қажет болғанын хабарлады.

2 сәуірден бастап әрбір кешіктірілген күн үшін өсімпұл есептеледі, — делінген комитет таратқан хабарламада.

Осыған дейін, 30 наурызында https://t.me/kgdmfrk Telegram арнасында көлік салығы бойынша сауалнама жүргізген.

Респондеттерге «Сіз 2020 жылға арналған көлік құралдары салықтың төленуге тиісті алдағы сомасын қалай білдіңіз?»,- деген сұрақ қойылған.

Сауалнамаға қатысқандардың 36%-і салық сомасын «e-Salyq Azamat» мобайл қолданбасы арқылы білген;

  • 30%-і банктің мобайл қолданбасы арқылы;
  • 5%-і «e-Salyq Azamat» мобайл қолданбасындағы Калькулятордың көмегімен өздері дербес есептеген;
  • 21% респонденттер Мемлекеттік кірістер комитетінің порталындағы Калькулятордың көмегімен өз бетінше есептеген;
  • 8%-і Мемлекеттік кірістер басқармасына барып, кеңес алуды жөн көрген.

Еске салайық, бұдан бұрын Мемлекеттік кірістер комитеті көлік салығы бойынша алдағы төлемдерді алғаш рет төлеу мерзіміне дейін «e-Salyq Azamat» тегін мобайл қолданбасына жіберетінін мәлімдеген.

2020 жылға жеке тұлғалардың көлік құралдарына салынатын салық Ішкі істер министрлігі әкімшілік полиция комитетінің мәліметтері негізінде есептелген.

Тағы оқыңыз: «Көлік салығын қалай төлеймін?» Жиі қойылатын 10 сұраққа жауап