Қарағанды облысы коронавирус бойынша “қызыл” аймаққа кірді

7 сәуірде Қарағанды облысы “қызыл” аймаққа кірді. Өткен тәулікте өңірде 144 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды. Бұл бір күн бұрынғыдан 54 адамға көп.

Осылайша, коронавирус бойынша «қызыл» аймақта Алматы, Нұр-Сұлтан және Атырау, Ақтөбе, Ақмола, Алматы, Батыс Қазақстан, Қарағанды облыстары бар.

Ал «сары» аймақта Шымкент тұр.

Қалған өңірлер (Павлодар, Қостанай, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстары) «жасыл» аймақта орналасқан.

Айта кетейік, өткен тәулікте Қазақстанда 2 мыңнан астам адамның коронавирус инфекциясын жұқтырғаны анықталды. Бір күнде коронавирус пен пневмониядан 31 науқас қайтыс болды.