Елімізде кеше коронавирус пен пневмониядан 31 адам қайтыс болды

Денсаулық сақтау министрлігінің 7 сәуірдегі мәлімет бойынша,  28 624 адам (27 672 КВИ+ және 952 КВИ-) короновирус инфекциясынан емделіп жатыр.

Олардың ішінде стационарда 10 477 пациент, амбулаторияда 18 147 науқас ем алып жатыр.

Коронавирус пен коронавирус пневмониясын жұқтырған 474 адамның жағдайы ауыр, 148 пациенттің жағдайы өте ауыр, – делінген министрлік таратқан хабарлмада.

Министрліктің баспасөз қызметі сонымен бірге Қазақстанда 79 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатқанын хабарлады.

COVID-19 белгілері бар пневмония жөніндегі дерек

5 сәуірдегі мәлімет бойынша 116 жаңа дерек тіркелді, 4 жағдай өліммен аяқталды, 163 адам жазылып шықты.

2020 жылдың 1 тамызынан бері 50 955 адамнан коронавирус белгілері бар пневмония анықталды, оның 49 290-ы айықты. 713 науқас қайтыс болды.

Айта кетейік, өткен тәулікте Қазақстанда 2 мыңнан астам адамның коронавирус инфекциясын жұқтырғаны анықталды.