Асқар Мамин: Сәуірден бастап айына 2 миллион адамға вакцина салынады

Асқар Мамин Үкіметтің сырқаттанушылық деңгейін төмендету мен вакцина алғандардың санын арттыру жөнінде жедел шаралар қабылдап жатқанын айтты.

Биылғы сәуірден бастап ай сайын 2 миллион адам вакцинацияланады. Денсаулық сақтау министрлігі вакцина салдыру жұмысы бойынша нақты жоспар әзірледі, — деді Үкімет басшысы.

Премьер-министрдің айтуынша, қыркүйекте вакцинациялауға жататын 10 миллион адамға екпе салу жұмысы аяқталады. Содан кейін ұжымдық иммунитеттің жинақтаушы әсері күтіледі.

Үкімет отырысы, Онлайн
Фото: Primeminister.kz

Айта кетейік, өткен тәулікте Қазақстанда 1809 адамның коронавирус инфекциясын жұқтырғаны анықталды. Бір күнде коронавирус пен пневмониядан 26 науқас қайтыс болды.

Коронавирус бойынша Қазақстанның 7 өңірі «қызыл», екі өңірі «сары» аймақта орналасқан.