COVID-19: Қазақстанда тағы бір өңір «қызыл» аймаққа кірді

“Қызыл” аймаққа Ақмола облысы кірді. Кеше, 5 сәуірде өңірде 60 адамнан COVID-19 инфекциясы анықталды. Бұл бір күн бұрынғыдан 138 адамға көп.

Осылайша, коронавирус бойынша «қызыл» аймақта Алматы, Нұр-Сұлтан және Атырау, Ақтөбе, Ақмола, Алматы және Батыс Қазақстан облыстары тұр.

«Сары» аймақта: Шымкент пен Қарағанды облысы.

Ал қалған өңірлер (Павлодар, Қостанай, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстары) «жасыл» аймақта орналасқан.

Айта кетейік, өткен тәулікте Қазақстанда 1 809 адамның коронавирус инфекциясын жұқтырғаны анықталды. Бір күнде коронавирус пен пневмониядан 26 науқас қайтыс болды.