5 сәуірдегі мәлімет бойынша 28 333 адам короновирус инфекциясынан (27 330 КВИ+ және 1 003 КВИ-) емделіп жатыр.
Олардың ішінде стационарда 10 243 пациент, амбулаторияда 18 090 науқас ем алып жатыр.
Коронавирус және пневмония жұқтырған науқастар арасында:
• 456 адамның жағдайы ауыр;
• 132 пациенттің жағдайы өте ауыр;
• 77 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.
COVID-19 белгілері бар пневмония жөніндегі дерек
4 сәуірдегі мәлімет бойынша 7 жаңа дерек тіркелді, 7 жағдай өліммен аяқталды, 171 адам жазылып шықты.
2020 жылдың 1 тамызынан бастап:
науқастар саны – 50 839, өлім дерегі – 709, барлығы 49 127 адам айықты.
Айта кетейік, өткен тәулікте Қазақстанда 1 809 адамның коронавирус инфекциясын жұқтырғаны анықталды.