5 сәуірдегі мәлімет бойынша 27 836 адам короновирус инфекциясынан (26 662 КВИ+ және 1 174 КВИ-) емделіп жатыр.
Олардың ішінде стационарда 10 354 пациент, амбулаторияда 17 482 науқас ем алып жатыр.
Коронавирус және пневмония жұқтырған науқастар арасында:
• 452 адамның жағдайы ауыр;
• 117 пациенттің жағдайы өте ауыр;
• 70 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.
COVID-19 белгілері бар пневмония жөніндегі дерек
2021 жылдың 3 сәуірдегі мәлімет бойынша 17 жаңа дерек тіркелді, 2 жағдай өліммен аяқталды, 177 адам жазылып шықты.
2020 жылдың 1 тамызынан бастап:
науқастар саны – 50 832, өлім дерегі – 702, барлығы 48 956 адам айықты.

Айта кетейік, Қазақстанда коронвирус жұқтырғандар саны 255 мыңнан асты.
