УЕФА Чемпиондар лигасының былтырғы жеңімпазы финалдық ойында «Касима Антлерс» жапондық клубынан басым түсіп, 4:2 есебімен жеңіске жетті.
Соңғы екі допты «Реал» қосымша уақытта салды. Матчта есепті 9-ыншы минутта «Реал» ойыншысы Карим Бензема ашты. Бірақ таймның соңына қарай Гаку Сибасаки есепті теңестірді.
Екінші таймның 52-інші минутында ол екінші голын соқты. Көп ұзамай «Касиманың» қорғаушысы «Реал» ойыншысын қағып кетіп, төреші оларға пенальти тағайындады. Пенальтиді Криштиану Роналду жүзеге асырды. 97-інші және 104-інші минуттарда Роналду тағы екі доп салды.
Криштиану Роналду жылдың үздік футболшысына берілетін -«Алтын доп» сыйлығын алған болатын.