Алматы облысы коронавирус бойынша «қызыл» аймаққа кірді

Коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия эпидемиология жағдайын бағалау матрицасын жариялады.

1 сәуірде Алматы облысы “қызыл” аймаққа кірді. Өткен тәулікте өңірде 220 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды. Бұл бір күн бұрынғыдан 138 адамға көп.

Осылайша «қызыл» аймақта Алматы, Нұр-Сұлтан және Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Алматы облыстары бар.

Шымкент коронавирус бойынша «сары» аймаққа өтті. Кеше қалада 51 науқас тіркелді.

«Сары» аймақта: Қарағанды облысы мен Шымкент.

Қалған өңірлер «жасыл» аймақта.

Айта кетейік, 31 наурызда коронавирус жұқтырғандар саны күрт өсті. Кеше елімізде 1 873 адамның COVID-19 инфекциясын жұқтырғаны анықталды.