СІМ Ресейдегі қазақстандық жұмысшылар қатысқан төбелеске түсінік берді

Ведомство мәліметінше, 23 наурызда кешке болған оқиғаға вахта жұмысшылары қатысқан.

Сағат 20:30 шамасында Мурманск облысы Белокаменка ауылының жанындағы Ірітоннажды теңіз құрылымдары орталығының құрылыс алаңдарының бірінде вахта жұмысшыларының, соның ішінде Қазақстан азаматтарының қатысуымен жаппай төбелес болды. Оқиға тұрмыстық сипатқа ие. Компания өкілдерінің айтуынша, қазіргі таңда мәселе шешіліп, қызметкерлер қалыпты режимде жұмыс істеп жатыр, — деді Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров.

Оның айтуынша, жарақат алғандар мен құқық қорғау органдары ұстап алып кеткен адамдар арасында қазақстандықтар жоқ.

Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров сонымен бірге Қазақстанның Санкт-Петербургтегі бас консулдығы мәселені бақылауға алғанын хабарлады.

Айта кетейік, 23 наурызда Мурманск облысында орналасқан Белокаменкадағы ірі тонналы теңіз құрылыстары орталығының құрылыс алаңдарының бірінде («НОВАТЭК» жобасы) жұмысшылар жаппай төбелес болған. Жергілікті БАҚ төбелесте қазақстандықтардың да бар екенін хабарлады.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от ◾НОВОСТИ/СОБЫТИЯ (@eldit_net)

ДереккөзTengrinews.kz