Қазақстанда кейінгі 15 жылда 40 мыңнан астам көлік ұрланған

Бұл туралы Сенаттың жалпы отырысында депутат Ләззат Сүлеймен айтты.

Сенаттың жалпы отырысында 2005 жылғы Тәуелсіз мемлекеттер достастығына қатысушы елдер аумағында ұрланған көліктерді қайтару және оған қарс күрес туралы келісіміне өзгерістер енгізіуге қатысты заң қабылданды.

Депутаттың айтуынша, хаттама ТМД аумағында ұрланған автокөлік иелерінің құқықтарын қорғауды қамтамасыз етуге, қылмыстық қолсұғушылыққа қарсы іс-қымыл жүйесін жетілдіруге бағытталған.

Ішкі істер министрлігінің ақпаратына сәйкес, кейінгі 15 жылда елімізде 40 303 автокөлік ұрланған, оның 26 079-ы (64,7%) табылып, иелеріне қайтарылған. Ал 14 224 көлік (35,2%) табылмаған. Ұрланған автокөліктердің 223-і ТМД елдерінде табылып, оның 66-сы елімізге қайтарылған (29,5%). Сонымен бірге біздің елімізде ұрланған 233 автокөлік табылып, 84-і (36%) ТМД елдеріне қайтарылды, — деді сенатор.

Оның айтуынша, 2020 жылы елде ұрланған 2 121 көліктің ішінен 547 ұрлық және айдап кету фактілері бойынша қылмыстық есепке қойылды, 412-сі иелеріне қайтарылды. Ал қалған 1 162-сі қаржы пирамидалары және алаяқтық бойынша тергеліп жатқан қылмыстық істер аясында есепке қойылды («Гарант 24 Ломбард», «ЕЅТАТЕ Ломбард» және «тиімді қарыз беру»).

Сенат депутаты Ләззат Сүлеймен осы істер бойынша барлық автокөлік сот шешімінен кейін қылмыстық есептен шығарылатынын айтты.