Атырауда екі ауданға жаңа әкім тағайындалды

Облыс басшысы Махамбет Досмұхамедов жаңа әкімге ауданның экономикасы мен инфрақұрылымын дамыту мен тұрғындардың әл-ауқатын арттыруға қатысты бірқатар тапсырмалар беріп, жұмысына сәттілік тіледі.

Құрманғазы ауданы

Марат Бисенғалиұлы Мурзиев 1981 жылы Ақтөбе қаласында дүниеге келген. Білімі жоғары, 2003 жылы Қазақ гуманитарлық  заң университетін үздік бітірген. Еңбек жолын 2003 жылы Атырау қаласы табиғат қорғау прокурорының көмекшісі болып бастаған. 2006-2008 жылдары әртүрлі жеке кәсіпорындарда басшылық қызметтер атқарған. 2009-2010 жылдары – Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы әкімінің кеңесшісі, 2010-2011 жылдары – Білім беру басқармасының бөлім басшысы.

2011-2012 жылдары – Атырау облысы әкімінің аппараты Мемлекеттік-құқықтық бөлімінің меңгерушісі, 2012-2013 жылдары –  Атырау облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары, 2013-2017 жылдары – Атырау облысы Тексеру комиссиясының төрағасы, 2017 жылдың наурыз айынан бүгінгі күнге дейін Исатай ауданының әкімі қызметін атқарды.

ҚР Президенті әкімшілігі және аудандық мәслихаттың келісімімен Полымбет Максимұлы Хасанов Исатай ауданының әкімі болып тағайындалды.

Исатай ауданы әкімі

Полымбет Максимұлы Хасанов 1980 жылы Индер ауданы Индербор кентінде дүниеге келген. Білімі жоғары, Қазіргі заманғы гуманитарлық университетін «Заңгер» мамандығы бойынша аяқтаған.

2002-2005 жылдары облыстық Ішкі істер департаменті жүйесінде жұмыс істеген. 2005-2006 жылдары Кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаментінде бас маман, 2006-2010 жылдары – облыс әкімі аппаратында бас маман, облыс әкімінің бас инспекторы.2010-2014 жылдары – Мақат ауданы әкімдігінде аудан әкімі аппаратының басшысы, аудан әкімінің орынбасары лауазымдарында болған. 2014 жылы облыстық Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары,
2014-2019 жылдары – Атырау қаласы әкімі аппаратының басшысы, кейіннен Атырау қаласы әкімінің орынбасары. 2019 жылдан қазіргі уақытқа дейін облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары қызметін атқарып келді.