Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

Алматыда 20 наурыздан бастап карантин шектеулері күшейеді

Иллюстрация: Бекзат Исамбергенов/Baribar.kz

Құжатқа сәйкес, Алматыда жекелеген әлеуметтік-экономикалық объектілер мен қызметтердің жұмыс режимдеріне өзгерістер енгізілді:

1. Қоғамдық көлік (қалалық және қала маңындағы бағыттар)

  • жұмыс күндері — штаттық режимде;
  • демалыс және мереке күндері таңертең 06.00-ден 10.00-ге дейін, кешке 17.00-ден 20.00-ге дейін жүреді.

2. Сауда ойын-сауық орталықтары мен сауда үйлері

  • сенбі және жексенбіде жабық болады;
  • мереке күндері 10.00-ден 17.00-ге дейін жұмыс істейді;
  • жұмыс күндері 10.00-ден 21.00-ге дейін ашық болады.

3. Тамақ өнімдерін сататын супермаркеттер, гипермаркеттер мен сауда желілері

  • 06.00-ден 02.00-ге дейін жұмыс істей алады.

4. Азық-түлік дүкендері, шағын маркеттер

  • 06.00 мен 00.00 аралығында жұмыс істеуіне рұқсат.

5.  Азық-түлік емес дүкендер (жеке тұрған)

  • 09.00-ден 21.00-ге дейін жұмыс істеуіне болады.

6. Жабық базарлар (азық-түлік және азық-түлік емес)

  • сенбі-жексенбі күндері жұмысы шектеледі;
  • жұмыс күндері 06.00-ден 17.00-ге дейін ашық болады;
  • мереке күндері 10.00-ден 17.00-ге дейін жұмыс істеуіне рұқсат.

7. Ашық базарлар (азық-түлік және азық-түлік емес)

  • сенбі-жексенбі күндері жұмысы шектеледі;
  • жұмыс күндері 06.00-ден 17.00-ге дейін ашық болады;
  • мереке күндері 10.00-ден 17.00-ге дейін жұмыс істеуіне рұқсат.

8. Қоғамдық тамақтану объектілері (үй-жайда), оның ішінде СОСО мен жеке кіретін есігі бар сауда үйлерінде

  • 07.00-ден 21.00-ге дейін толтырылуы 50%-тен асырмаған жағдайда, бірақ 30 адамнан көп болмауы керек, ал жағзғы алаңдарда 50 орын;
  • алып кету және жеткізу уақыты шектеусіз.

9. Отыратын орны жоқ тамақтану орындары (статционарлық емес, жылжымалы)

  • тек алып кету мен жеткізу арқылы — уақыты шектеусіз.

10. Сауда ойын-сауық орталықтары мен сауда үйлерінде орналасқан қоғамдық тамақтану объектілері мен фудкорттар

  • СОСО және СҮ-нен тыс жерлерге шығару және жеткізу уақыты шектеусіз.

11. «Медеу» мұз айдыны

  • жаппай сырғанауға тыйым салынады.

12. «Шымбұлақ» тау-шаңғы кешені

  • келушілерді 50% азайту (1 000 адамға дейін)

13. «Шымбұлақ» тау-шаңғы кешеніндегі қоғамдық тамақтану объектілері

  • 07.00-ден 21.00-ге дейін жазғы алаңдарда ғана рұқсат;
  • алып кету мен жеткізу уақыты шектеусіз.

14. Балалардың түзету бөлмелері, балалар мен ересектердің білім беру орталықтары

  • жұмыс істеуіне тыйым салынады.

15. Банктер мен қаржы нарығының өзге нысандары, 20 және одан көп қызметкерлері болған жағдайда

  • филиалдарды қоспағанда (бөлімдер, пунктілер) қызметкерлердің кемінде 60%-і қашықтан жұмыс істеуге көшіріледі, өндірістік қажеттілік болған кезде қашықтан жұмыс істеу формасына қызметкерлердің кемінде 40%-і ауыса алады (санитария-дезинфекция режимі қатаң сақталған жағдайда).

16. Халыққа қызмет көрсету орталықтары, «Қазпочта» АҚ бөлімшелері

  • 09.00-ден 18.00-ге дейін алдын-ала жазылу арқылы.

17. Көрермендерсіз спорттық іс-шараларын өткізу

  • ақпараттық қамтамасыз етусіз, қатысушыларда міндетті ПТР зерттеуі болған жағдайда рұқсат.

Мына объектілердің жұмысына және қызметтерге тыйым салынады:

  • Мәдениет нысандары (репетиция);
  • Театрлар, кинотеатралар, концерт залдары;
  • Облысаралық тұрақты емес (туристтік) тасымалдар;
  • Қалалық тұрақты емес (туристтік) тасымалдар;
  • Цирктер;
  • Балалардың ойын-сауық орталықтары (ойын алаңдары, жабық үй-жайлардағы атракциондар), оның ішінде СОСО мен сауда үйлерінде орналасқандары;
  • Көрермендердің қатысуымен спорттық шаралар өткізу;
  • Еске алу шарасын өткізу;
  • Банкет залдары, түнгі клубтар, ойын және лото клубтары,  караоке;
  • Көпшілік бұқаралық іс-шаралар (конференциялар, форумдар, митингілер, жиындар, шерулер, пикеттер және т.б.), бір отбасы мүшелерінен артық адамдардың қатысуымен өтетін отбасылық, мерекелік, еслетік іс-шаралар (тойлар, мерейтойлар, ұлттық ырымдар, туған күндер және т.б.)

Сонымен бірге Ashyq пилот жобасын қолданатын объектілерді қоспағанда, бильярд, компьютерлік клубтары мен боулинг орталықтарының қызметіне тыйым салынады.

Осы қаулы 20 наурыздан бастап күшіне енеді.

Құжаттың толық мәтінімен мына жерде танысуға болады.

Еске салайық, Алматы 10 наурыздан бастап коронавирус бойынша «қызыл» аймақта.

Мақалаға реакция