2017 жылы үй бағасы арзандайды

Оның айтуынша, келер жылдың басында Алматыдағы Алатау ауданы мен қала маңындағы елді-мекендерде үй құрылысы қарқын алып, бірнеше тұрғын үй пайдалануға берілгеннен кейін үй бағасы арзандап, шаршы метріне жаңа үйлер 200-290 мың теңгеден саудалана бастайды. Бұл әрине, қаладағы барлық бапана бағасына әсер етпек.

Ал Aristan Group жылжымайтын мүлік агенттігі қызметкері Бақытбек Қатеннің айтуынша, қазіргі таңда Алматыда 5000 үй сатылмай тұр. Келер жылы бұған тағы 1000 үй қосылады. Бұл, өз кезегінде құрылыс компанияларының арасында бәсекелестік тудырып, бағаның төмендеуіне алып соғады. Ал келер жылдың екінші жартысында үй бағасы тіпті төмендеуі әдбен мүмкін.

Кей сарапшылардың айтуынша, қазірде баспанаға мұқтаждар көп болғанымен, нарықта сұраныс аз, өйткені жұрттың төлем қабілеті төмен. Осы орайда, егер келер жылы мұнай бағасы артып, экономика алға ілгерілесе, бағаның аздап көтерілуі де ғажап емес.

Дереккөзnaryk.kz