Бұл туралы Polisia.kz хабарлады.
Алмалы аудандық полиция басқармасының бастығы Есен Ысқақовтың айтуынша, күдіктілер күндіз жұмыс істеген.
Бұл кезде қала көліктерге толып, адамдар өте көп болады. Сыртынан қарағанда бұлар күдікті көрінбейді, ер адам көліктің жанына келіп есікті жайбарақат ашады да ішіне отырады. Бағалы заттарды алып болғасын сыбайласымен бірге қылмыс орнынан кетеді, — деді полиция басқармасының бастығы.
Есен Ысқақов көлік жүргізушілері есік ашылғаны немесе жүк багажы туралы ескерту дабылын алса да оған аса мән бермейтінін айтты.
Көп жағдайда зардап шеккен жүргізушілер дабылды қалтадағы батырманың кездейсоқ басылуынан немесе өтіп бара жатқан көліктердің әсерінен, пульттің қуаты таусылуы салдарынан болады деп болжайды. сіз көлікті жауып тастағаннан кейін болғандықтан, есіктердің ашылғаны туралы дабыл алғанда көлігіңіз ұрылардың «басқаруында» болуы әбден мүмкін. Қаскөйлер сіздің дабылыңыздың толқынын ұстап алады. Мүмкін олар жақын маңдағы көліктің ішінде отырып, сізді бақылап отырған шығар, – деді Алмалы аудандық полиция басқармасының бастығы Есен Ысқақов.
Полиция басқармасының бастығы мұндай жағдайда көшеге шығып көлігіңізді тексеруге жалқаулық танытпау керегін, ұрлық болған жағдайда полицияға дереу хабарлаған дұрыс екенін айтты.
Бұл полицейлерге қажетті шараларды жедел қабылдауға мүмкіндік береді және қылмыскерлерді «ізін суытпай» ұстау мүмкіндігін едәуір арттырады, — деді Есен Ысқақов.
Күдіктілерді ұстау және жеке тінту кезінде 1973 жылы туған К есімді азаматтан пульт-сканер тәркіленді, ол оның көмегімен көлік құралдарының дабыл жүйесін көшірген. Оның сыбайласы, 1981 жылы туған Д есімді азамат жүргізуші рөлін сомдаған, ол бұрын ұрлық жасағаны үшін сотталған.
Оларға қатысты қалада жасалған төрт жағдай бар. Осыған ұқсас құқық бұзушылықтарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр, – деді полиция басқармасының бастығы.
Ұсталғандарға қатысты Қылмыстық кодестің 188-бабы 3-бөлігі (Ірі мөлшерде жасалған ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
