Мемлекет басшысы Иманбек Зейкеновті жеңісімен құттықтады

Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-парақшасында хабарлады.

Берік Уәли диджей Imanbek таланты мен мақсат қоя білуінің арқасында әлемдік шоу-бизнестің басты сыйлықтарының бірін иеленгенін жазды.

Оның шығармашылығы қазақстандық жастардың да ең биік шыңдарды бағындыра алатынын дәлелдеді. Президенттің атынан Иманбекті осы жарқын жеңісімен құттықтаймын және жаңа шығармашылық табыстар тілеймін!, — деп жазды Берік Уәли.

Еске салайық, павлодарлық Иманбек Зейкенов 63-рет өткен Grammy музыка сыйлығын жеңіп алды. Оның америкалық рэпер Saint Jhn-ның «Roses» композициясына жасаған ремиксі үздік деп танылды.