«100 жаңа есім — 2021» жобасына қатысып жатқан танымал бес қыз кім?

Байқау ұйымдастырушыларының мәліметінше «Қазақстанның 100 жаңа есім» жобасы 2017 жылы басталды. Содан бері 4 882 өтініш түскен, 163 адам жеңімпаз атанған.

Қазіргі кезде «100 жаңа есім» жобасының IV маусымына өтінім қабылданып жатыр.

Ұйымдастырушылар Халықаралық әйелдер күні қарсаңында «100 жаңа есім — 2021» байқауына қатысуға өтінім білдірген 5 ару туралы айтты.

Сонымен, әзірге тіркелген 250-ден аса қатысушының арасында ерекше көзге түскен, бұған дейін де халық қошеметі мен алғысына ие болған бестік:

Едильбаева Индира – қазақстандық әнші. 2015 жылы өткен «Казахстан Дауысы» жобасының, 2020 жылы Украинада өткен «Голос Страны» жобасының финалисі.

Индира Еділбаева
Едильбаева Индира. Фото: Ruh.kz

Ардана Ботай – аға лейтенант. Су-30СМ жойғыш ұшағын тізгіндеген әлемдегі жалғыз қыз. Сонымен бірге Ардана Ботай Ан-26, L-39 және Су-30СМ ұшақтарын да игерген.

Ардана Ботай
Ардана Ботай. Фото: Ruh.kz

Әйгерім Рақыш – танымал әнші. Қазіргі таңда Әйгерімнің репертуарында 30-ға жуық ән бар. Музыкалық сыйлықтар рәсімінде «Жыл серпілісі» марапатын иеленген (Еurasian Music Awords, EMA 2017). 2018 жылы «I’ m a Singer Kazakhstan» жобасының екінші маусымының финалисі.

Әйгерім Рақыш
Әйгерім Рақыш. Фото: Ruh.kz

Айнұр Төлеу – «Отқарақ» кітабының, «Әдебиет пен адамзат» телебағдарламасының авторы. Бейімбет Майлин атындағы медальдің, «Абай» мерейтойлық медалінің иегері.

Айнұр Төлеу
Айнұр Төлеу. Фото: Ruh.kz

Сүлейменова Әлия – ITF таэквондо бойынша Қазақстанның халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Екі дүркін әлем чемпионы. Азия чемпионы. Әлем кубогының абсолютті жеңімпазы.

Сүлейменова Әлия
Сүлейменова Әлия. Фото: Ruh.kz

Барлық қатысушыға сәттілік тілейміз. Жеңіс тұғырында мықтылар кезігеріне кәміл сенімдіміз! Мереке құтты болсын!, — деді жоба ұйымдастырушыларының бірі Сұлтан Мұстафин.

Айта кетейік, «100 жаңа есім» жобасының мақсаты – тәуелсіздік жылдары Қазақстанның дамуына елеулі үлес қосқан адамдардың тарихы мысалында бәсекеге қабілеттілік, прагматизм және білімге құштарлық идеяларын ілгерілету.