15-17 желтоқсанға арналған ауа-райы болжамы

Кезекті оңтүстік циклон Қазақстан аумағына келуге дайындалып жатыр. Әдеттегідей, қысқы уақыттағы бұл циклонмен республиканың көп бөлігінде ауа температурасы тек күрт көтеріліп қоймайды, сонымен қатар ауа-райы да бұзылады.

Алдағы үш тәулікте, республиканың көп аумағында жауын-шашын: қар, бұрқасын, көктайғақ, кей жерлерде күші 18-25 м/с болатын, дауылды жел күтілуде.

Тек батыста ғана температура әдеттегіден 3-6ºС жоғары, жауын-шашынсыз ауа-райы күтіледі.

ДереккөзҚазгидромет