ҚР аумағында коронавирус инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның 2021 жылғы 2 наурыздағы шешіміне сәйкес, Қазақстан мен Тәжікстан арасында Алматы — Душанбе — Алматы бағыты бойынша әр тараптан аптасына тұрақты түрде екі рейсті қайта ашуға рұқсат етілді.
2021 жылдың 14 наурызынан бастап Алматы — Душанбе бағыты бойынша аптасына бір рет — жексенбі күні рейс болады, — деді ведомство.
Қазақстандық «Эйр Астана» әуекомпаниясының баспасөз қызметі бұл ақпаратты растады. Жолаушыларды Airbus A320 және Embraer E190-E2 ұшақтары тасымалдайды. Айта кетейік, Тәжікстанға тұрақты әуе қатынасы жабылғанға дейін Душанбеге аптасына алты рет рейс болған.
Тәжікстан Алматы — Душанбе қалалары арасында тұрақты әуе қатынасын 2021 жылғы 18 наурыздан бастап «Somon Air» әуе компаниясы ашады. Аптасына (бейсенбіде) бір рейс болады.
