«Бүкілресейлік Командалық Олимпиаданы» тұңғыш рет қазақ балалары ұтып алды

Чемпиондық коман­да­­ның құра­мын­да болып, алтын медаль алуға атса­лыс­қандар: астаналық қазақ-түрік лицейі­нің оқу­шысы Санжар Бидайбек және ал­ма­ты­лық қазақ-түрік лицейінің оқушы­лары Асхат Жалғасов пен Нұрбақыт Мәдибек.

Айта кетейік, Бүкілресейлік Командалық Олимпиадаға жыл сайын ТМД елдері бойынша 200-ден астам команда қатысады. 2000 жыл­дан бері жарыс 16 рет өткізілсе, со­ның 12-сінде ресейлік, 4-еуінде белорус­тық балалар жеңімпаз атанған екен. Қазақстандықтардың ең жоғарғы нәтижесі – 2013 жылғы 6-орын. Мұндай үлкен дәрежеде өтетін информатикалық олимпиадада сәтті өнер көрсеткендердің болашақта Google, Facebook, Twitter сынды танымал компа­ния­ларда жұмыс жасау мүмкіндіктері мол.