АҚШ-та төтенше жағдай режимі бір жылға ұзарды

Бұл туралы Ақ үй хабарламасында жазылған, — деп хабарлады РИА Новости.

COVID-19 пандемиясы адамдардың денсаулығы мен елдің қауіпсіздігіне айтарлықтай қауіп төндіреді. Осыған байланысты 2020 жылдың 13 наурызында жарияланған және 2020 жылдың 1 наурызында күшіне енген төтенше жағдай 2021 жылдың 1 наурызынан кейін де жалғасуы керек… Мен ұлттық төтенше жағдай режимін ұзартамын», — делінген Джо Байден қол қойған құжатта.

Кеше АҚШ-та коронавирустан қайтыс болғандар саны 518 мыңнан асты. Жалпы Америка Құрама Штаттарында коронавирус жұқтырғандар саны 29 миллионға жуықтады.

Еске салайық, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жаңа COVID-19 коронавирус инфекциясының өршуіне байланысты 2020 жылы 11 наурызда пандемия жариялаған еді. Ұйым өкілі Ханс Клюге пандемия қашан аяқталуы мүмкін екенін хабарлады.

ДереккөзTengrinews.kz