«АрселорМиттал Теміртау» жоспардан тыс тексеріледі

Қарағанды облысының экология департаменті атмосферадан ластаушы заттардың рұқсат етілген нормадан асып кету дерегін тіркеген. Компанияны тексеру осыған байланысты.

19 ақпанда, сағат 16.30-да үрлеу кезінде газды тазартатын алғашқы скруббердің қабырғаларына жабысқан шаң №2 конвертерге құлады. Балқу дереу тоқтатылды. Экология министрлігі азаматтардың аймақтағы экология жағдайына қатысты алаңдайтынын да хабарлаймыз. Сондықтан осындай деректерге қатысты жедел шаралар қабылданады, — делінген хабарламада.

Экология министрлігі тексеру қорытындысы бойынша баспасөз конференциясын өткізуді жоспарлап отыр.

Жаңа экологиялық кодекс бойынша ірі кәсіпорындар ең озық қолжетімді технологияларды, яғни қалдық деңгейін барынша азайту үшін заманауи сүзгілерді енгізуге тиіс. Бұл талап заңмен бекітілген, биыл күшіне енеді.

2019 жылдың қазанында Экология министрлігі «АрселорМиттал Теміртау» компаниясымен 2023 жылға дейін қалдықты 30%-ке азайту туралы меморандумға қол қойғаны айтылды.

Экология министрі Мағзұм Мырзағалиев өңір тұрғындарымен кейінгі рет кездескенде «АрселорМиттал Теміртау» басшылығынан сәуірде қалдықты азайту жөнінде стратегия ұсынуды талап етті.