Қазақстанда коронавирус пен пневмония ахуалы қалай өзгерді?

Жаңа дерек Нұр-Сұлтан мен Алматыда көп тіркелді. Кейінгі тәулікте Нұрсұлтанда 127, Алматыда 112 адамнан COVID-19 инфекциясы анықталды.

Өңірлерде бүгінге дейін және бір тәулікте коронавирус жұқтырғандар саны:

Нұр-Сұлтанда — 24351(+127),
Алматыда — 24156(+112),
Шығыс Қазақстан облысында — 21503(+50),
Атырау облысында — 16882(+34),
Павлодар облысында — 16839(+111),
Қарағанды облысында — 15005(+45),
Ақмола облысында — 13023(+77),
Батыс Қазақстан облысында – 12473(+61),
Солтүстік Қазақстан облысында — 12024(+31),
Қостанай облысында — 11782+68),
Алматы облысында — 10380(+46),
Шымкентте -6051(+11),
Жамбыл облысында — 5820(+13),
Түркістан облысында — 4240(+7),
Маңғыстау облысында — 4190(+11),
Ақтөбе облысында — 4165(+14),
Қызылорда облысында — 3768(+9).

Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 206 652-ге жетті, оның 190 610-ы жазылды. 2 690 науқас қайтыс болды.

COVID-19 белгілері бар пневмония

18 ақпандағы мәлімет бойынша 45 дерек тіркеліп, 3 жағдай өліммен аяқталған. 235 адам жазылып шыққан.

2020 жылдың 1 тамызынан бастап коронавирус белгілері бар пневмония жұқтырғандар саны – 48 932, өлім жағдайлары — 608, жазылып шыққандар – 40 336 адам сауығып шықты.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да