ЭКСПО-ға кімдер тегін кіре алады?

Билет кассаларының ашылу салтанаты астаналық «Керуен» СОО-да, «Хан-Шатыр» СОО-да, сондай-ақ «MEGA Park» және «Алматы MEGA Орталығы» СОО-да өтті.

Еске сала кетейік, көрме билеттерін онлайн сату биылғы жылдың 10 маусымында, яғни көрмеге дейінгі бір жыл бұрын басталған болатын.

Билеттер құны әртүрлі. Айталық, жұмыс күндері белгілі бір нақты күні кіруге арналған билетінің бағасы 4000 теңге, демалыс күні – 6000 теңгені құрайды. Күні белгіленбеген, яғни ашық даталы билет 2000 теңгеге қымбат болады. Енді билеттерді тек ресми сайттан ғана емес, сондай-ақ кассалардан тікелей сатып алуға болады.

Студенттер, оқушылар, көп балалы аналар және жеңілдік санатына кіретін басқа да қазақстандықтар ЭКСПО-2017 көрмесіне 50 пайыз жеңілдікпен кіре алады. Ал соғыс ардагерлеріне, алты жасқа дейінгі балаларға, жетім балаларға, барлық топтағы мүмкіндігі шектеулі азаматтарға – билет тегін. Аталған әлеуметтік топтарға арналған жеңілдік шарттары Көрмені өткізу кезеңінде ғана қолданылады.

Дереккөзnaryk.kz