Германияда 1 наурыздан бастап Covid экспресс-тесті тегін болады

Азаттық радиосының хабарлауынша бұл туралы Германияның денсаулық сақтау министрі Йенс Шпан мәлімдеген.

1 наурыздан бастап барлық азаматтарға тегін тест жасату мүмкіндігі беріледі, — деп жазды ол Twitter-де.

«Бильд» газетінің мәліметінше, коронавирустың бар-жоғын анықтайтын тестті дәріханаларда, клиникалар мен стоматологияларда және тестілеу орталықтарында жасатуға болады.

Экспресс-тест адам ағзасында вирустың антигені бар-жоғын тексереді. Оның нәтижесі 30 минутта дайын болады.

Айта кетейік, Германия канцлері Ангела Меркель елдегі локдаунның 7 наурызға дейін жалғасатынын айтты. Карантин шектеулері ақпанның ортасында аяқталуға тиіс еді.

ДереккөзAzattyq.org