Коронавирус пен пневмониядан тағы 6 науқас қайтыс болды

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Қазақстанда 23 542 адам (5 339 пациент стационарда, 18 203 науқас үй жағдайында) короновирус инфекциясынан емделіп жатыр.

Коронавирус пен коронавирус пневмониясын жұқтырған 249 адамның жағдайы ауыр, 47 пациенттің жағдайы өте ауыр, — делінген министрлік таратқан хабарлмада.

Министрліктің баспасөз қызметі сонымен бірге Қазақстанда 44 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатқанын хабарлады.