Қасым-Жомарт Тоқаев күзет қызметі туралы заңға түзетулерді қабылдады

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне күзет қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, — делінген хабарламада.

Учет.kz ақпараты бойынша, түзетулер күзет қызметтерін көрсету сапасын арттыруға және кәсіпкерліктің осы түрін одан әрі дамытуға; азаматтардың мүліктік және жеке құқықтарын қорғауды жетілдіруге және осы саладағы қолданыстағы заңнама нормаларының жекелеген сәйкессіздіктерін жоюға, стратегиялық, аса маңызды нысандар мен террористік тұрғыдан осал объектілердің сенімді қорғалуын қамтамасыз ету үшін күзет ұйымдарына лицензиялық іріктеу жүргізуге бағытталған.