Қазақстанда 13 301 адам коронавирусқа қарсы вакцина салдырды

Қазақстанда 1 ақпаннан бастап Ресейде жасалған Sputnik V вакцинасын қолдана отырып коронавирус инфекциясына қарсы вакцинация басталды. Вакцинация барлық өңірде басталды. 778 егу пункті ашылды, оның қазіргі уақытта 166-сы жұмыс істейді, 9 мыңнан астам медицина қызметкерлері оқытылды. 10 ақпандағы жағдай бойынша 13 301 адам екпе жасатты, — деді Алексей Цой Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингіде.

Еске салайық, Қазақстанда 1 ақпанда коронавирусқа қарсы вакцинация басталды. «Спутник V» вакцинасын алғашқылардың бірі болып денсаулық сақтау вице-министрі — бас мемлекеттік санитар дәрігер Ерлан Қиясов, денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният салдырды. Сонымен бірге Алматының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин де ресейлік дәріні ектірді.