Қазақстандағы кәсіпкерлердің тең жартысы әйелдер

Жалпы, әйелдердің арқасында елдегі жұмыс орындарының 30 пайызы ашылған. Ал ЖІӨ-ге түсірген қаражаты жалпы кірістің 40 пайызын құрайды. Әйелдердің жұмыссыздық көрсеткіші 2006 жылғы 9,2 пайыздан 2015 жылы 5,6 пайызға дейін төмендеген.

Дегенмен, мемлекеттік қызметтегі басшы әйелдердің пайыздық көрсеткіші әлі де болса төмен күйінде қалып отыр. Қазіргі таңда елдегі 411 саяси мемлекеттік қызметкердің тек 40-ы ғана нәзік жандылар екен.

Жалақы мәселесіне келетін болсақ, ерлер мен әйелдердің жалақы көлемінде 33 пайыздық айырмашылық бар.

Естеріңізге сала кетсек, 2016 жылы Қазақстан Дүниежүзілік экономикалық форумның гендерлік теңдік көрсеткіші бойынша 144 елдің ішінде 51-ші орында болды. Бірінші орында Исландия болса, одан кейін Йемен.

ДереккөзЕгемен