23 қаңтарда Нұр-Сұлтан уақытымен 09.00-ден бастап Enpf-otbasy.kz cайты іске қосылды. Банктің баспасөз қызметінің хабарлауынша, зейнетақы жинағыңызды тұрғынүй жағдайын жақсартуға пайдалана аласыз. Мемлекеттік органдар зейнетақы жинақтарын емделуге пайдалану ережесін бекітіп жатыр.
Өтініш беру үшін Электрон цифр қолтаңбасы (ЭЦҚ) болуы керек. Ол арқылы сайтқа арнайы тіркеліп, сосын жеке кабинетті ашып, шот ашуға өтініш беруге болады. Мұндай шотты басқа жолмен де ашуға мүмкіндік бар.
Арнайы шот ашқаннан кейін бір реттік зейнетақы төлемі туралы электрон өтінімдерді толтыру қажет. Мұнда арнайы шоттың нөмірін, пайдалану мақсатын, қолда бар соманы, жеке табыс салығын ұстау және аудару әдістерін көрсету қажет.
Тағы оқыңыз: Зейнетақының бір бөлігін алған дұрыс па? Қаржыгер түсіндіреді