Қазақстан шекарадағы бақылау режімін күшейтеді

«Шынтөбе» дискуссиялық алаңында «Дактилоскопиялық және геномдық тіркеу туралы» заң жобасын талқылау барысында қазақстандық блогер Денис Кривошеев аталмыш жүйенің кемшіліктеріне тоқталды. Оның сөзінше, елге кірген шетелдіктер ұзақ кезекте тұруға мәжбүр.

«Біз төлқұжат тексерісінен өтеміз. Тамаша нәрсе. Сіздерде «Бүркіт» жүйесі кідіріп, тұрып қалатыны бар. Төлқұжатқа енгізілген чиптер де жұмыс істемейді. Сіздерде адамдар төлқұжатты арнайы сканерге қояды, ол барлығының құжаттарын сканерлеп алады. Бұның өзі 7-10 минут уақытты алады», — деді Кривошеев.

Өз кезегінде, Әлішер Мұхамедов «Бүркіт» жүйесі ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ақпараттық базасы екенін еске салды. Дегенмен ол блогердің сұрағына жауап беруге тырысты.

«Қазіргі уақытта аталмыш жүйені малайзиялық жүйенің негізінде жетілдіру көзделуде. Онда жаңа жабдықтар орнатылады, ол да автоматтандырылған. Бұл электрондық визаларды енгізу, шекарада бақылауды күшейту аясында жүргізілетін болады», — деп атап өтті ІІМ өкілі.

ДереккөзҚазАқпарат