Басты бетҚоғамХалил Ақынжы:...

Халил Ақынжы: Өткеннің еншісіндегі даудың бәрі тарихи санамыздың терең түкпірінде қалуы керек

Ол бұл туралы Халықаралық Түркі академиясы өткізген «Түркі әлемі: тарихи-мәдени мұра» атты халықаралық конференцияда айтты.

Әлем тарихын түркі халықтарынсыз елестету мүмкін емес. Жаһандық деңгейдегі ғылыми жетістіктер мен мәдени құндылықтардың көпшілігі Қытайдан Жерорта теңізіне дейінгі кеңістікті алып жатқан біздің алып құрлығымызға тиесілі. Сонымен қатар, бұл аймақтың ең ірі қақтығыстар алаңына айналған да кездері болды… Өткеннің еншісіндегі даудың бәрі біздің тарихи санамыздың терең түкпірінде қалуы керек және келешегіміздің кемелдігі үшін одан сабақ ала білуге тиіспіз.  Бүгінде БҰҰ және барша әлемдік қауымдастық мойындаған түркі мемлекеттерінің тәуелсіздігі тоқтаусыз нығайып келеді. Бүгінгі конференция сияқты ғылыми форумдар біздің елдеріміздің және көршілес мемлекеттердің ынтымақтастығын нығая түсуге ықпал етеді. Сонымен қатар  бүгін таныстырылған Түркі академиясы түпнұсқа мәліметтерге сүйене отырып ыждаһаттылықпен әзірлеп шыққан Түркі әлемінің Атласы бұл бағыттағы алғашқы бірегей басылым болып саналады. Ендігі жерде бұл атлас біздің бірінші болып жүгінетін сенімді тарихи дереккөзге айналады деп сенемін. Түркі академиясын осы жетістігімен шын жүректен құттықтаймын, — деді олбаяндамасында.

Айта кетейік, онлайн-офлайн режимде өткен аталған шараға 20-дан астам мемлекеттен ғалымдар мен сарапшылар, сонымен бірге түркі елдерінің бірқатар ресми тұлғалары, халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты.