Кездесу барысында Nur Otan партиясының 2025 жылға дейінгі сайлауалды бағдарламасының басымдықтары және Арыс қаласы Nur Otan партиясының қаланы дамыту бойынша 7 бағытты түсіндіріп, осы басымдықтарды іске асыруда Nur Otan партиясының 5 жылға арналған жоспарында ұлт денсаулығын нығайтуға, халықты бұқаралық спортпен айналысуға бағыттайтын болады. Nur Otan партиясы 2025 жылға дейін қалада халықтың спорт инфрақұрылымымен қамтамасыз етілу деңгейін 40%-ке жеткізуді көздейді. Бұл үшін:
- Арыс денешынықтыру-сауықтыру орталығын салуға;
- жалпы спорттық шаралар өткізуге;
- жасөспірімдер мен балалар спорт мектептерінің материалдық-техникалық базасын нығайтуға;
- бір денешынықтыру-сауықтыру кешенін, 2 заманауи спорттық алаңшасын (Аққала елді мекеніне спорт алаңшасын салу) және 3 street workout алаңшаларын салуға;
- ұлттық спортты дамытуға (110 қалалық, 15 облыстық, 3 республикалық, 2 халықаралық әр түрлі іс-шаралар өткізуге.Ұлттық спорт түрлерінен: қазақша күрес, тоғызқұмалақ және ауыр атлетика, бокс, футбол, еркін күрес, дзюдо) ықпал етеді.
Нәтижесінде 2025 жылға дейін халықтың инфрақұрлымын қамтамасыз етілу деңгейі 40%-ке жетеді.
Кездесу соңында балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің ұжымы қызметкерлерінің тұрғын үй коммуналдық шарушалық, жұмыспен қамту және денсаулық сақтау бағыты бойынша сұрақтарына жауап беріп, Nur Otan партиясы жұмысындағы басты бағдар-жұртшылықтың талап тілектері мен мұң-мұқтаждықтары екенін атап өтті. Балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің ұжымы Nur Otan партиясының сайлауалды бағдарламасын қолдайтындарын айтты.
Ескерту: Nur Otan партиясы Арыс қаласы сайлау қорының қаражатынан төленді.