Келесі жылы Арыста 2 мыңға жуық адамды жұмыспен қамтитын 5 жоба іске қосылады

Келесі жылы өңірде жалпы құны 101 миллиард  110 миллион теңгелік 5 жоба іске қосылып, жаңадан 1838 жұмыс орындары ашылады деп жоспарланып отыр. Бүгін бұл туралы Арыс қаласының әкімі Мұрат Қадырбек мәлімдеді.

Өңірлік кәсіпкерлікті қолдау картасы аясында «Тансари Трейдинг А» ЖШС-ң жалпы құны 1 миллиард  700 миллион  теңгені құрайтын «Бақша дақылдары мен жемістерді сақтау және жоғары сапалы тамақ өнімдерін қайта өңдеу» жобасын 2021 жылы іске асыру жоспарлануда. Жоба аясында 153 адамды тұрақты, 300 адамды уақытша жұмыспен қамтылатын болады. Сондай-ақ, «Қамқор Қазақстан» АӨК-ң жалпы құны 1 млрд. 700 млн. теңгені құрайтын құрама жем шығаратын зауыт құрылысының жобасын келесі жылы іске асыру жоспарланған. Жоба аясында 20 адамды тұрақты жұмыспен қамту көзделген. Сонымен қатар, «Kazgreenteksolar» ЖШС-ң жалпы жалпы 2 млрд. 500 млн. теңгені құрайтын күн сәулесінен баламалы электр энергиясын өндіру жобасын 2021 жылға іске асыру жоспарланған. Сонымен қатар, «ҚаратауТрансСервис» ЖШС-ң жалпы құны 11 млрд. теңгені құрайтын мұнай және мұнай өнімдерін өңдеу зауыт құрылысының жобасын алдағы жылы іске асыру жоспарланған. Жоба аясында тұрақты 112 жұмыс орны ашылатын болады,- деді Мұрат Қадырбек.

Қала әкімі алдағы жылы қолға алынатын жобалардың қатарында «Түркістан Агро» ЖШС-ң құны 8,5 миллиард  теңгені құрайтын 3000-10000 басқа арналған ірі қара малды бордақылау алаңының құрылыс жобасын атап өтті. Онда 50 жаңа жұмыс орны ашылмақ. Қазіргі таңда онда электр энергиясын тарту жұмыстары жүріп жатыр.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Мемлекет басшысы Алматыда мектеп оқушыларымен кездесті

Президент Алматының Наурызбай ауданында орналасқан мектеп жасындағы балаларға арналған инновациялық шығармашылық орталығына барды.

Қазақстанда ауа температурасы 46 градусқа дейін көтеріледі

Қазақстанда 6-8 маусым аралығында ауа температурасы 46 градусқа дейін көтеріледі. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК синоптиктері хабарлады.

Нұрсұлтан Назарбаевты балағаттағаны үшін қылмыстық жазаның күші жойылуы мүмкін

Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевты балағаттағаны үшін қылмыстық жазаның күші жойылуы мүмкін. Бұл туралы әділет министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Еліміздің 6 қаласында ауа сапасы нашарлайды

«Қазгидромет» РМК Қазақстан қалаларындағы ауа сапасына қатысты болжамын жариялады.

«Алтын орда» базары директорының орынбасары ұсталды

"Алтын Орда" базары директорының орынбасары ұсталғаны туралы хабар тарады. Бұл туралы Polisia.kz хабарлады.

Go Viral фестивалі алғаш рет Астанада өтеді

Go Viral 2017 жылдан бері Орталық Азия елдерінде фестивальдер өткізіп келеді. Биыл алғаш рет 23-24 маусымда Астанада өтеді.