Коронавирус бойынша «қызыл» аймақта бірде-бір өңір қалмады

Коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия  Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиология ахуалын бағалау матрицасын жаңартты.

Жаңа дерек бойынша «қызыл» аймақта Қазақстанның бірде-бір өңірі жоқ. 2020 жылдың 30 желтоқсанында мұнда Атырау облысы бар еді. Бұл өңір енді «сары» аймаққа кірді. «Сары» аймақта сонымен бірге Қостанай, Ақмола, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары және Алматы мен Нұр-Сұлтан бар.

Қалған өңірлер «жасыл» аймақта.

Қазақстанда өткен тәулікте COVID-19 723 дерегі тіркелді. Ең көп науқас Атырау облысында, мұнда кейінгі тәулікте 149 адамның инфекция жұқтырғаны белгілі болды.

Елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 158 302-ге жетті, 145 194 адам аурудан айықты, өкінішке қарай, 2 339 науқас қайтыс болды.