Қазақстанда коронавирус жұқтырған науқас саны көбейді

Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус инфекциясының 723 дерегі тіркелді, 484 адам аурудан айықты, 3 науқас қайтыс болды.

Жаңа дерек барлық өңірде анықталды. Ең көп науқас Атырау облысында, мұнда кейінгі тәулікте 149 адамның инфекция жұқтырғаны белгілі болды. Алматыда 92, Нұр-Cұлтанда 68 науқас тіркелді.

Өңірлерде бүгінге дейін және бір тәулікте коронавирус жұқтырғандар саны:

Шығыс Қазақстан облысында — 19 041(+47);
Алматыда — 18 939(+92);
Нұр-Сұлтанда — 18 777(+68);
Атырау облысында — 13 890(+149);
Қарағанды облысында — 12 243(+26);
Батыс Қазақстан облысында — 9 367(+45);
Павлодар облысында — 9 448(+40);
Солтүстік Қазақстан облысында — 8 856(+57);
Қостанай облысында — 7 797(+57);
Ақмола облысында — 7 481(+59);
Алматы облысында — 7 307(+39);
Шымкентте — 5 523(+6);
Жамбыл облысында — 5 048(+9);
Маңғыстау облысында — 3 759(+11);
Ақтөбе облысында — 3 711(+4);
Түркістан облысында — 3 705(+8);
Қызылорда облысында — 3 410(+6).

Елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 158 302-ге жетті, 145 194 адам инфекцияны жеңді, өкінішке қарай, 2 339 науқас қайтыс болды.

COVID-19 белгілері бар пневмония

Өткен тәулікте 7 дерек тіркелді, 4 жағдай өліммен аяқталған.

2020 жылдың 1 тамызынан бастап 45 991 адам  коронавирус белгілері бар пневмония жұқтырды, 513 науқас қайтыс болды, барлығы 33 298 адам жазылып шықты.