Басты бетҚоғамМеркіде ҚР...

Меркіде ҚР Парламент мәжілісіне кандидат медицина қызметкерлерімен кездесті

Кездесу барысында мемлекет тарапынан, партияның бастамасымен медицина қызметкерлеріне жасалып жатқан қолдаулар туралы әңгіме өрбіді.

Биыл медицина қызметкерлерінің жалақысы 25% көтерілетіні туралы айтылды.

Аудандағы медицина саласында алдағы 5 жылда атқарылатын жұмыстар туралы түсіндірілді. Меркі аудандық ауруханада барлық қолайлы жағдай жасалған. Қажет құрылғылармен қамтылған. Орталық емхана ғимараты жаңартылды. Енді 2021 жылы ауруханада күрделі жөндеу жүргізіледі. Барлық бөлім кезек кезекпен жөндеуден өтіп, ауырғандарға қолайлы жағдай жасалады.

Nur Otan, Меркі ауданы
Фото: Nur Otan партиясының баспасөз қызметі

Халықтың тұрмыс-тіршілігі түзелсе, денсаулық та жақсармақ. Осындай қағидатты ұстанған Г.Умаров медицина қызметкерлерін Nur Otan партиясына дауыс беруге шақырды.

Бұдан соң жұмысшы топ «Есіктен есікке» акциясы аясында Меркі ауылдық округі Тутокин көшесі тұрғындарын аралап, үгіт-насихат жүргізді. Ауданда атқарылған жұмыстары туралы сөз қозғап, алдағы 5 жылдық жоспарын таныстырды. Ұлағатты ұстаз Камалия Алиева өзінің дауысын сенімді, халықтың үніне құлақ асатын Nur Otan партиясына дауыс беретінін айтты. Бұдан соң насихат жұмыстары аудан орталығындағы «ММ—Меркі» сауда үйінде жалғасын тапты. Сауда үйіне келушілерге, сатушыларына 10 қаңтарда болатын сайлауда биліктің партиясы — Nur Otan-ға дауыс беруге шақырды.

Ескерту: Nur Otan партиясы Меркі аудандық сайлау қорының қаражатынан төленді.