Қайрат Әбілғазин: Сайлауалды штаб азаматтарды күнделікті режимде қабылдайды

2020 жылдың 11 желтоқсанында Nur Otan партиясының Есіл аудандық филиалы жанынан құрылған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихаттар сайлауын дайындау және өткізу жөніндегі сайлауалды штабы жұмысын бастайды, оның төрағасы — менмін. Үгіт штабы төрағасының орынбасары – сайлау өткізуде мол тәжірибесі бар Л.Н.Үмбетова. Сондай-ақ сайлау штабына ең беделді, құрметті адамдармен қатар жаңа тұлғалар, белсенді жастар енгізілді.

Штабтың аудандық желілік кестесі, сондай-ақ медиа-жоспар дайындалды. Аудандық филиал жанынан құрылған сайлауалды штаб сенімді тұлғалар мен белсенділердің жұмысын үйлестіреді. Штаб жұмысына 117 сенімді тұлға, сондай-ақ 78 бақылаушы қатысады. Үгіт-насихат компаниясы кезеңінде келесі іс-шараларды өткізу жоспарлануда: «Есіктен есікке» акциясы, депутаттыққа кандидаттардың халықпен онлайн кездесулері, Nur Otan партиясының Есіл ауданы бойынша сайлауалды бағдарламасын түсіндіру үшін депутаттыққа кандидаттардың халықпен үгіт-насихат кездесулері, депутаттыққа кандидаттардың экспромт кездесулері. Nur Otan партиясы аудандық филиалының  партиялық конференциясында барлық деңгейдегі мәслихаттарға кандидаттардың партиялық тізімі бекітілді.

Депутаттыққа кандидаттар әрбір мәселені назардан тыс қалдырмай, нақты мәселелерді шешуге көмектесіп, азаматтарды күнделікті режимде қабылдайды. Штабтың міндеті – Nur Otan партиясының алдағы парламенттік сайлауда айқын жеңіске жетуі.

Қайрат ӘБІЛҒАЗИН,

Nur Otan партиясы аудандық филиалы

төрағасының бірінші орынбасары»,

Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне

және барлық деңгейдегі мәслихаттарға

сайлау жөніндегі сайлауалды штабтың төрағасы

Ескерту: Nur Otan партиясы Есіл аудандық Сайлау қорының қаражатынан төленді.