Мен ешбір саяси партияның мүшесі емеспін. Бірақ алдағы сайлауда бір партияға дауыс беруім керек. Осы елдің азаматы болған соң сайлауға барып дауыс беру азаматтық борышым ғой. Басты сұрақ – қай партияға дауыс беремін? Әлеуметтік желіде бәрі белсенді, бірақ іс жүзінде қалай болар екен деп бес партияның сайлауалды бағдарламасымен танысып шықтым. Бір-екі атауын өзгерткені болмаса, бағдарламалары сол баяғы сарында. Құрамына елге белгілі адамдарды қосып алып (PR үшін) қырамыз-жоямыз деп уәдені үйіп төгіп жатыр. Бірақ ондай уәденің талайын естіп, аузы күйген халықтың, құрған сөзге сене қоюы екіталай. «Бұл сайлауға түсіп жатқан партиялардың ішінде тыңғылықты дайындалып, әр қадамын есептеген Nur Otan партиясы ғана ма?» дедім. Праймериз өткізіп Nur Otan саяси салмағын бекемдеп алды. Таза бәсекелестік пен ашық дауыс берудің арқасында құрамына қоғамдағы салмақты тұлғаларды қосты. Алдағы сайлауда партия білім мен медицина сапасын арттыру, әлеуметтік осал топтағы азаматтарды қолдау, баспанамен қамтамасыз ету, мүгедектерге шексіз қоғам қалыптастыру, ауылдың тұрмысын көтеру және тағы басқа өзекті мәселелерді шешуді көздеп отыр. Өз басым балалардың бақытты, әйелдердің табысты, жастардың білімді әрі болашағына сенімді болғанын қалаймын. Сондықтан сайлауда билеуші партияға дауыс беремін деп отырмын.
Ескерту: Nur Otan партиясының Ақмола олысы Сайлау қорының қаражатынан төленді.