Nur Otan: Шымкентте 500 кәсіпкерге қолдау көрсетіледі

Жиында партияның 5 жылдық жоспары мен бағдарламаның негізгі бағыттары кеңінен насихатталды. Шымкентте әйел кәсіпкерлерді алаңдатқан сауалдар жоқ емес екен. Партия атынан үміткер Бахадыр Мәдәліұлы барлық сұраққа жауап беріп, мәселелердің партия назарына алынатынын айтты.

Біз нақты істер партиясымыз! Біз бос уәде мен жауапсыздықтан аулақпыз. Сол себепті біздің бағдарламадағы сандар толықтай нақтылықпен есептеліп, кезең-кезеңдерге бөлінген. Бұл жұмыстың толық атқарылып, мәселердің шынымен шешілуіне ықпалдасады. Nur Otan партиясы жаңа өндіріс орындарының ашылуына және лайық жалақысы бар тұрақты жұмыс орындарының көбеюіне күш салады. Қазіргі танда Шымкентте жұмыссыздық деңгейі — 5%. Алдағы 5 жылдықта осы көрсеткішті 4,9% дейін төмендетуді жоспарлап отырмыз, — деді Бахадыр Нарымбетов.

Шымкент, Nur Otan
Фото: Nur Otan партиясының баспасөз қызметі

Одан әрі кәсіпкерлік саласындағы жоспарлар жайында баяндалды. Бүгінде Қалада 71 мыңнан астам кәсіпкерлік субъектілері бар. Онда 153,1 мың адам жұмыс істейді, яғни қаладағы кәсіпкерліктің жалпы өнімдегі үлесі — 31%, бұл әлі де аз. Дамыған елдерде бұл көрсеткіш 50%-тен асады. «Біз осы мақсатты көздеуміз керек,» — деді төрағаның бірінші орынбасары.

Осы мақсатқа жету үшін Nur Otan партиясының бастамасымен:

  • жастар мен әйелдер кәсіпкерлігін дамыту мақсатында «Мен кәсіпкер боламын» атты өңірлік іс-шара іске асады;
  • алдағы 5 жылда 100-ден астам жастар мен әйелдерге жеңілдетілген несие беріледі, жыл сайын 20 адамға;
  • «Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасы шеңберінде 5 жылда 500 кәсіпкерге қолдау көрсетіледі. Жыл сайын кемінде 100 жоба қамтылады;
  • «Еңбек» жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасының аясында 5 жылда 300 шағын кәсіпкерлік субъектісіне қолдау көрсетіледі. Жыл сайын кемінде 60 жоба қамтылады;
  • кәсіпорындарда еңбек заңнамасының сақталуын қамтамасыз етіп, жұмыс берушілердің әлеуметтік кепілдіктер беруіне қоғамдық бақылау күшейтіледі;
  • әкімшілік кедергілерді болдырмау үшін «Бір терезе» қағидасы бойынша «Бизнеске арналған Үкімет» жобасы іске асады.
  • нәтижесінде осы салада жұмыспен қамтылғандар саны 159,4 мың адамға дейін артады.
Шымкент, Nur Otan
Фото: Nur Otan партиясының баспасөз қызметі

Nur Otan партиясының басты құндылығы — адам, оның жайлы және бақуатты өмір сүруі мен денсаулығы. Қазіргі күрделі жағдайда бұл айрықша маңызға ие.

Партия әрқашан халықтық партия болып келеді. «Nur Otan»  еліміз бен оның әрбір азаматының тағдыры мен болашағына жауаптылықты толық сезінед. Сол себепті  қолжеткізген жетістіктермен   тоқтап қалмайды. Экономикалық және саяси жаңғыру, қоғамды елдік мақсатқа ұйыстыру, мықты және табысты мемлекет құруға бағытталған өз идеологиясын жүзеге асыра бермек.

Nur Otan – нақты істер партиясы!

Nur Otan-ға дауыс бер!

Ескерту: Nur Otan партиясының Шымкент қаласындағы Сайлау қорының қаражатынан төленді.