Жеке кәсіпкер, қалалық мәслихат депутаттыққа үміткер, «Біргеміз, Қазақстан!» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Тасқынбай Бұрлыбаев, Nur Otan партиясынан Шымкент қалалық мәслихат депутаттығына үміткер, «Главстройнаб Алматы» ЖШС директоры Нұрдаулет Үмбеталиев және белсенді жас, қалалық жастар мәслихатының депутаты, Шымкент қалалық мәслихат депутаттығына Nur Otan партиясынан үміткер Жансері Суетовтерден тұратын бүгінгі насихатық топ Ә.Қастеев атындағы Өнер және дизайн колледжінің ұжымымен кездесті.
Nur Otan партиясына дауыс беруге шақырған насихат тобы бас партияның ұсынып отырған сайлауалды 5 жылдық бағдарламасын түсіндіріп, сайлаушылар тарапынан қойылған сұрақтар мен ұсыныс-талаптарын тыңдап, алдағы күндері оң шешімін табуға атсалысатынын жеткізді.
Партия бағдарламасына сәйкес, алдағы 5 жылда Nur Otan партиясының бастамасымен мынадай істер жүзеге асырылады:
- Ескі қалашықтағы «Цитадель» мұражайын қайта құру жұмыстары ағымдағы жылы аяқталады.
- 2021-2022 жылдары Амфитеатр бой көтереді;
- 2023 жылы зообақ және дендросаябақ жаңартылады;
- 2024 жылы Қошқар ата өзенінің бойы абаттандырылады;
- 2025 жылы Абдел-Азиз баб, Ибрагим ата, Мирали баб, Қарашаш ана, Қызыр мұнарасы, Сайрам (Исфиджаб) қалашығы толық жаңартылады;
- 2022-2023 жылдары 3 тематикалық саябақ («Гастросаябақ», «Қызғалдақтар», «Дастархан» саябақтары) ашылады;
- Қалада мемлекеттік тілдің қолдану аясы кеңейтіліп, өзге ұлт өкілдерінің қазақ тілін оқып-үйренуіне жағдай жасалады;
- Этноконфессияаралық ахуалдарды мониторингілеу мен қарама-қайшылықтарды жедел оқшауландырудың тиімді тетіктерін қалыптастырады;
- Тарихи мұраны, археологиялық ескерткіштерді, архитектураны, мәдениет объектілерін сақтауға бағытталған ғылыми, археологиялық және туристік жобалар іске асады.
Nur Otan партиясы тұрғындардың сапалы өмір сүруі үшін нақты жоспарларды іске асырады. Сонымен қатар партия алдағы 5 жылда мәдениет және туризмді дамытуға бар күш жігерін жұмсайды. Біз Шымкенттің туристік әлеуетінің, оның ішінде тарихи-мәдени және зиярат ету туризмі әлеуетінің жоғары екенін көрсетіп, 2025 жылға қарай туристер санын 1 миллионға жеткіземіз, – деді үміткерлер.
Үміткерлерді жақсы қарсы алған колледж ұжымы 10 қаңтар күні саяси науқанда ҚР азаматы ретінде белсенділік танытып, саяси науқанда болашақ ұрпақтың қолайлы, қауіпсіз өмір сүруге ықпал ететін Nur Otan партиясына сенім артып, бас партияны қолдайтындарын жеткізді.
Кездесуде бағдарламаны мұқият тыңдаған қызметкерлерге акция аясындағы брошюралар мен Бас партияның сайлауалды бағдарламалары таратылды.
Ескерту: Nur Otan партиясының Шымкент қаласындағы Сайлау қорының қаражатынан төленді.