Кездесуді «Көкшетау Минводы» АҚ-ның басшысы Станислав Максимец жүргізіп, Көкшетауда және Ақмола облысында нақты істер партиясының қолдауымен қандай өзгерістер болғанын бөлісті.
«Іске аспаған жобалар — біздің жоспарларымыз!» — деді спикер. Nur Otan партиясына кім жүгінсе де, олардың мәселелерін шешуге көмектесетінін ескертті.
«Көкшетау автобазасы» ЖШС-нің директоры Әсия Шәримова үкімет тарапынан көрсетілетін қолдау туралы айта келе, мемлекеттік-жекеменшік серіктестіктің арқасында Көкшетау автобус паркі жаңа автобустармен толыққанында мақтанышпен жеткізді. Спикер елде пандемия кезінде басталған көптеген кәсіпкерлікті қолдау бағдарламаларына да тоқталды. «Аналар үйінің» үйлестірушісі Құралай Жұмабекова өзі 11 баланың анасы екенін, оның алтауы өзінің туған балалары екенін әңгімелеп отырып, орталығының жұмысымен және қолжеткізген жетістіктерімен таныстырды. Бүгінде 80% жағдайда баланы тастап кетуін болдырмау мүмкіндігі болған. Сөйтіп, 129 бала жетімдіктен құтқарылды. Бұл — іс жүзінде бір ғана балалар үйіндегі жетістік. Кандидаттың бағдарламасы өмірлік қиын жағдайға тап болған әйелдерді қолдауға арналған.
Айналысатын тағы бір жұмысым – жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды отбасына бейімдеу. Біздің жұмысымыздың және оқытуымыздың арқасында Есіл және Сандықтау екі балалар үйі жабылды, — деді Құралай Жұмабекова.
Спикердің айтуынша, бүгінде патронат отбасылардағы ата-аналар мемлекеттің қолдауының арқасында жалақы алады және олардың бар назары тәрбиелеп отырған балаларында болады. Сондай-ақ, «Nur Otan» партиясының көп балалы аналарын қолдаудағы маңызды рөліне де тоқталды.
«Көкшетау Жылу» РМК ГКП жылу желілерінің бастығы Руслан Макишев жиналғандарға Nur Otan партиясы қолға алып, шешуге тырысып жатқан Красный Яр тұрғындарының көптеген мәселесі (жылу, қоқыс, жолдар) туралы еске салды. Сонымен қатар Ақмола облысы Кәсіпкерлер палатасы Іскер әйелдер кеңесінің төрағасы Гүлмира Құсайын кәсіпкерлікті қолдаудағы мемлекет пен партияның рөлін тағы бір рет атап өтті.
Ең бастысы, біздің бірлігіміз бекем болып, мемлекетімізді және өз халқымызды сүрген қатар, жеріміздің гүлденуі үшін бәрін жасаймыз! Nur Otan партиясы — бұл әрқашан өзінің уәде еткенін және алдына қойғанын жүзеге асыратын нақты іс-қимылдардың партиясы, — деді ол.
Сонымен қатар жолаушылар тасымалы қауымдастығының төрағасы Рүстем Қалишев пен «Болашақ Сарайы» мемлекеттік кәсіпорнының басшысы Айнагүл Балташева Көкшетау мен бүкіл өңір тұрғындарының игілігі үшін көп жұмыс атқарылғанын атап өтті.
«Гормолзавод» ЖШС-ның директоры Әсен Жақсылықов жиналғандарға Красный Яр және басқа да шалғай аудандар біраз уақыт бұрын қалай болғанын еске салды. Көптеген проблема болды: жол, жылу, жарық, су жетіспеушілігі. Партия депутаттары шеткі аймақтың нақты жоспарын жасады. Ол кәсіпкерлердің қолдауын атап өтіп, өзі аймақтағы іскерлік ахуалды жақсартуға, жас кәсіпкерлердің пайда болуымен, әлеуметтік белсенді бизнеске қолдау білдіретінін айтты.
А.Жақсылықов — партияның білім беру саласындағы кураторы. Егер бұрын Ақмола облысы республика бойынша білім беру саласында 15-ші орында болса, бүгінде бесінші орыннан көрініп жүр. Мұның бәрі білім берудің проблемасын қарайтын ай сайынғы партиялық комиссияларды өткізудің арқасында қол жеткізілді. Бүгінде партия жұмысының осындай 11 бағыты бар.
Көкшетау қалалық Nur Otan партиясының сайлауалды штабының төрайымы Зәуреш Нұрымова пандемияның қиын кезеңінде партия мүшелерінің көп балалы аналарға, аз қамтылған отбасыларға және жетім балаларға көрсеткен материалдық қолдауы туралы егжей-тегжейлі баяндады. Сондай-ақ, партия өкілдерінің ақмолалық жалғызбасты қарт тұрғындарға және мұқтаж жандарға ақысыз тамақ пен азық-түлікпен қамтамасыз еткенін де жеткізді.
Зәуреш Нұрымова партияның бағдарламасы мен жеті басымдықтарына тоқталып, алдағы сайлаудың қандай ерекшеліктері барын түсіндірді.
Кездесуде «Шапағат» пансионатында жалғызбасты адамдарға күтім жасайтын әлеуметтік қызметкерлер үміткерлерге өздерін толғандырған сұрақтарын қойды. Оған қоса, Красный Яр ауылын автобустармен қамтамасыз ету, Чайкино ауылына қосымша аялдамалардың қажеттілігі, көшелерді жарықтандыру, қоқыстарды жинау, балалар алаңдарының жанында қаңғыбас иттердің жүргеніне алаңдаушылық тудырған сұрақтар алға тартылды. Депутаттыққа кандидаттар тұрғындардың талап-тілектерін тыңдап, туындаған барлық өтініштерін қағазға түсіріп, жағдайды бақылауға алуға уәде берді.
Р.Қалышевтің айтуынша, өткен мәслихат сессиясында Красный Яр ауылын дамыту бағдарламасы қабылданған. Нәтижесінде елді мекенді жаңарту қолға алынбақ. Мектептер мен үйлер салынып, төртінші қазандық ауылға қосымша жылу беру үшін жұмыс істей бастайды.
Кездесу соңында кандидаттар тұрғындарды 2021 жылғы 10 қаңтарда өтетін сайлауға қатысып, қазақстандықтардың өмірін жақсарту жолында жұмыс істейтін Nur Otan партиясына дауыс беруге шақырды.
Ескерту: Материалдың ақысы Nur Otan партиясы ҚБ Ақмола облыстық штабының сайлау қорынан төленді.