Нұрсұлтан Назарбаев

«Сыртқы сауда мен инвестиция бірге болуы керек. Бізде сауда бір министрлікте, инвестициялар – басқа министрлікте. Біреу әр компанияның соңынан жүріп, бәрін тартуы керек. Жақсы жұмыс істейтін елдер осылай жасайды. Ал бізде мұндай жоқ. Біз осымен нақты кім айналысатынын анықтауымыз керек. Бізде сөйлейтін және шақыратын сондай адамдар бар ма? Егер болмаса, олардың орнына шетелдіктерді қойып, ақша төлеу керек. Біреу міндетті түрде экспортпен айналысуы қажет. Сондықтан, үкімет сауданың және инвестицияның қайда болатынын анықтауы керек. Мүмкін, Сыртқы істер министрлігі көптеген елдердегідей Сыртқы істер және сауда министрлігі болуы керек шығар? Ал Индустрия министрлігі тек индустриямен ғана айналысуы тиіс. Онда инновациялар ғана болсын. Әрқайсысы өз ісімен айналысқаны жөн. Бұлай жұмыс жүрмейді. Біз маңызды жұмысқа кедергі келтірмеуіміз қажет», – деді Мемлекет басшысы.

 

 

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!