«Музарт» тобының ізбасарлары анықталды

«МузАРТ LIVE» жобасының шешуші сәтінде 8 үміткер өнер көрсетті. Оның төртеуі ғана жаңа топтың құрамына енеді. Бұл байқаудың басты шарты болатын.

Ақтық сайыстағы тартысты бәсеrе өз мәресіне жетті. «МузАРТ LIVE» жобасының жетекшілері 12 000 үміткерді тыңдады. Жобаға қатысқан 12 000 үміткердің 12-сі ғана жартылай финалға  өтті. Ал, бүгін дәстүрдің жарқын жалғасы жария болды. Төрттіктен құрылған жаңа топ пайда болды.

Естеріңізде болса, биылғы жылдың наурыз айында жобаның  тұсауы кесілген болатын.  10 ай бойы жалғасқан мега-жобаның бүгін нәтижесі анықталды.

Байқау шарты бойынша төрттіктің құрамындағы өнерпаздардың бірін көрермен, қалған үшеуін «музарттықтар» таңдау жасауы қажет болатын.

Тыңдармандардың қолдауымен ең көп дауыс жиған Серікболсын Кішкенбаев жаңа топтың құрамына енді.

Кенжебек Жанәбіловтің таңдауына Нұрхат Сегізбай іліксе, Мейрамбек Бесбаевтің шешімімен Әзиз Балтабекұлы, ал, Сәкен Майғазиев Сұлтан Ахметті топқа лайық деп есептеді.

Жаңа топтың құрамында: Серікболсын Кішкенбаев, Нұрхат Сегізбай,   Әзиз Балтабекұлы, Сұлтан Ахмет