Жиналысты Көкшетау қалалық Nur Otan партиясының сайлауалды штабының төрағасы Зәуреш Нұрымова жүргізіп, праймериздің партияішілік сайлаудың нәтижелерімен таныстырды. Қазіргі уақытта Ақмола облысынан облыстық мәслихатқа 10, қалалық мәслихатқа 25 және Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіне үш кандидат ұсынылды.
Депутаттыққа үміткер, «Камаз-Инжиниринг» АҚ-ның бас директоры Сергей Кистин аймақ кәсіпкерлерінің Nur Otan партиясының тікелей көмегімен мемлекет пен үкіметтен түрлі бағдарламалар түрінде қандай қолдау алатындығы туралы толығырақ тоқталды.
Сайлауалды бағдарламам негізінен кәсіпорындардың мәселелерін шешуге негізделген. Менің ойымша, кез келген кәсіпорынның табысты жұмыс істеуі үшін қажет негізгі үш критерий — дайындалған кадрлар, қолжетімді шикізат және озық технологияла, — деді ол.
Сергей Кистин осы бағытты дамытып, облыстың өнеркәсіптік кәсіпорындарына барлық түрдегі көмек көрсетуді жоспарлап отырғанын да айтты.
Спикер атап өткендей, пандемияның ең қиын жылында үкімет пен Nur Otan партиясының қатысуымен бизнесті қолдау бойынша ауқымды шаралар қабылданды. Бұл салықтарды кейінге қалдыру, қарыздар мен төлемдер бойынша және қарыздарды қайта қаржыландыру мүмкіндігі туралы еді.
Мұның бәріне партияның қатысуымен қол жеткізіледі. Бірде-бір партия мұндай міндеттемелерді қабылдамайды және бизнес үшін Nur Otan партиясындай көп жұмыс істемейді, – деді Сергей Кистин.
30 жылдан астам уақытын білім беру саласына арнаған «Қазақстан агроинновациялық корпорациясы» ЖШС директорының орынбасары Талғат Жүнісов өзінің сайлауалды бағдарламасының бір бағыты — білім, ғылым және өндірісті интеграциялау туралы екенін баяндады.
Біз білікті адамдармен ғана жаңа инновация жасап, ғылымды дамыта аламыз. Бүгінгі таңда экономиканы көтеру үшін біз осы бағытпен жұмыс істеуіміз керек, — деп түсіндірді Талғат Жүнісов.
Спикер жиналғандарға Елбасы Жолдауында айтылған талантты жастарды қолдау туралы мәселені еске салды. Мәселен, келер жылдан бастап жас ғалымдарға арналған гранттар бөлінеді.
Шоқан Уәлиханов атындағы КМУ-дың проректоры сөз сөйлеп, праймериз кезінде Nur Otan партиясының сайлау алдынды бағдарламасын мұқият зерттегенін және бұл халықтың өмірін жақсарту бойынша нақты міндеттерді белгілейтін бағдарлама екенін түсінгенін атап өтті.
Алдағы сайлауда Nur Otan партиясының жетекші орын алатынына ешкімнің күмәні жоқ шығар, — деді ол.
«Өрлеу» Ақмола біліктілікті арттыру институтының филиалы АҚ-ның директоры Нина Стукаленко студенттер де, оқытушылар да қиын жағдайға тап болған пандемия кезіндегі институттың жұмысы туралы мәлімдеді.
Әрине, мені облыс орталығының тұрғыны ретінде білім беру проблемалары ғана мазаламайды, мен Көкшетау қаласының экономикалық тұрғыдан дамығанын қалаймын. Сондықтан денсаулық сақтау саласының да дами түссе деймін. Біз бұл тұрғыда біргеміз. Nur Otan партиясы — нақты істердің партиясы және оның бағдарламасының барлық тармағымен келісемін, — деді Нина Стукаленко.
«Раисов» жеке кәсіпкерлігінің жетекшісі Айдин Раисов пандемия кезінде өзінің кәсібін қалай тоқтатуға мәжбүр болғанымен бөлісті. Осылайша, сол кезде Nur Otan партиясы халықтың әлеуметтік осал топтарына қандай көмек көрсеткенін еске түсірді. Ол көпбалалы әке болғандықтан, бұл қиыншылық оған жақсы таныс болды. Карантиннің алғашқы толқыны кезінде партия көпбалалы отбасыларға 50 мың теңге бөліп, жалғызбасты зейнеткерлерге тегін тамақ үлестіргенін жеткізді.
Партияның алдына қойылған барлық міндет орындалды. Енді біздің алдымызда жаңа міндеттер тұр, оларды дер кезінде аяқтау керек. Бұл сіз бен біздің қолымызда, — деді Айдин Райсов.
Депутаттыққа кандидаттар жиналғандарды келе жатқан Тәуелсіздік күнімен құттықтап, Nur Otan партиясын таңдап, 10 қаңтарда сайлау учаскелеріне баруға шақырды.
Ескерту: Материалдың ақысы Nur Otan партиясы ҚБ Ақмола облыстық штабының сайлау қорынан төленді.