Шетел сарапшысы Қазақстандағы құқық саласын реформалауды жоғары бағалады

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

РФ Мәскеу Тергеу комитеті академиясының профессоры, заң ғылымдарының докторы Юрий Голик Қазақстанда жүргізіліп жатқан құқық қорғау саласын реформалау процесіне пікір білдірді.

Әлемнің өзгеруіне байланысты қылмыспен күрес саласы, құқық қорғау саласы да өзгеруге тиіс. Бұл өзгерістер жиі болып тұруы керек. Құқық қорғау жүйесін реформалау объективті қажеттілік десе де болады. Оны қалай жүзеге асыруға болады? Кешенді түрде. Реформа құрылымдық, ұйымдық, кадрлық көпдеңгейлі сипатта болғаны абзал. Ол темірдей қатты заңға негізделуге тиіс. Қазір қолданыстағы норматив құқық актілерді кешенді және жүйелі ревизиядан өткізу қажет. Ең алдымен, қылмыстық, қылмыстық-процессуалдық, қылмыстық-атқару кодекстері өзгеріске ұшырауы керек, — деді ресейлік сарапшы.

Оның айтуынша, осы бағыттағы ең қиыны қылмыспен күрес идеологиясын қалыптастыру болмақ.

Қазақстан қылмыспен күрес институтын құру барысында белгілі бір ілгерілеуге қол жеткізді. Біз әлі бір орында тұрмыз немесе жақындап келеміз. Алайда, барлық әлемдегі қылмыстық жүйені, Қазақстандағы өзгерістерді бақылап отырамыз, — деді спикер.

ДереккөзInform.kz