Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, Имер Боннер Қасым-Жомарт Тоқаев «Теңізшевройл» компаниясының өндіріс орындары мен «Теңіз» кенішіндегі короновирус инфекциясына қарсы күрес жұмыстары жайында баяндады.
Кездесуде көмірсутегі секторындағы инвестиция жобаларының жүзеге асырылуы және компанияның алдағы 3-4 жылдағы даму перспективалары туралы айтылды.
Мемлекет басшысы «Теңізшевройл» компаниясы іске асырып жатқан жобаларда қазақстандық үлесті қамтамасыз етудің маңызды екеніне назар аударды.
Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Имер Боннерге Қазақстанның мұнай-газ саласының дамуына қосқан үлесі және компаниядағы табысты жұмысы үшін ризашылығын білдірді.